Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Есеп беру жиыны өтті

Жуырда Өскемен қаласының "Нұр Отан" партиясы филиялының XX есеп беру сайлау конференциясы болып өтті. 

Конференцияға "Нұр Отан" партиясының мүшелері мен делегаттары және қала тұрғындары қатысты. 

- Осылайша жыл сайын есеп беру сайлауы өтіп отырады. Басында бұл сайлау партиялық ұйымдар арасында өткізілген. Оған жалпы саны 35 партиялық ұйымдар қатысты. Әрбір партиялық ұйым өзінің 2015-2016 жылғы, 2 жыл көлеміндегі атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Өйткені, осының алдындағы есеп беру конференциясы 2014 жылдың күз айларында өткізіліп 10 делегат таңдалып алынған еді. Негізінен барлық партиялық ұйымдар жоспар бойынша жұмыс атқарады.

Ал олардың басты жоспарлары партиялық тәртіпті негізге ала отырып, әр саладағы партиялық жобалар бойынша жүзеге асады. Мәселен, қарашаның 5 жұлдызында Тәуелсіз Қазақстан пойызы келгені өздеріңізге белгілі. Сол шараның аясында біз азаматтар арасында қабылдау жүргізген едік. Қабылдауға қала прокуроры, ҚІІБ басшысы, Әкімшілік полиция басшысының орынбасары және астаналық қонағымыз қатысты. Шара аясында еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін аз да болса көмек қолын создық деп айтуға болады.

Бұл жалпы партиялық жоба, одан бөлек қалалық филиалымыздың жеке жобалары да жүзеге асырылуда. Біздің филиал донорлық көмекке көп мән беруде. Биылғы жылы донор күнінде акция жарияланып, әрбір партиялық ұжым мүшелері қан тапсырды. Бұдан басқа халыққа әлеуметтік көмек көрсетуден де тыс қалған емеспіз, -деп, "Нұр Отан" партиясының мүшесі Екібасова Майраш Шайзадиновна жиынның мақсатын қорытты.

Шара барысында жан-жақтан келген партиялық ұжымдардың мүшелері сөз сөйлеп, Өскемен қаласы "Нұр Отан" партиясы филиалының 2015-2016 жылғы атқарылған жұмысы бойынша мәлімет берді. Қалалық саяси кеңесі мен "Нұр Отан" партиясының филиалына делегаттар сайланды. 

2 курс «Журналистика» тобы,

Саинов Е.

Қазақ
× You found a Typo