- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
26 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Қазақстан тарихы кафедрасы ұйымдастырған тарихшы емес мамандықтар арасындағы студенттердің эссе байқауы қорытындыланды.
Кеш ұйымдастырушысы «Рухани жаңғыру» орталығының аға ғылыми қызметкері Әсем Әубәкірова Рухани жаңғыру залында шет тілі және заңгер мамандықтары студенттерінің басын қосты. Жиында би биленіп, заңгер мамандығының студенттері Рауан Уәлиев пен Арман Жақсыбаев ән шырқады, шет тілі мамандығының студенттері Нұржар Думанқызы және Ажар Тоқтасынова өлеңдерін оқыды.
Жұмыстардың көптігіне байланысты қорытынды жасау 13 желтоқсанға жоспарланған-ды. Байқауға университет студенттерінен 112 эссе қабылданған. Солардың 52-сі комиссияға ұсынылып, комиссия ұйғарымымен 3 эссе жүлдеге лайық деп табылды. Комиссия төрайымы Раушан Нұрбекова жоғары бағаға лайық жұмыстардың көп болуына байланысты болашақта номинация санын көбейтуді ұсынды.
I орынды менеджмент мамандығының студенті Алуа Асқар, II орынды химия-биология мамандығының студенті Еркежан Серікқанова, III орынды заңгер мамандығының студенті Дариға Уәлиева иеленіп, тарихи кітаптарды сыйлыққа алды.
Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің деканы Әлия Өскембай ұйымдастырушылар мен студенттерге алғыс айттып, студенттерді университеттік шараларға белсене араласуға шақырды.
Қазақстан тарихы кафедрасы