С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Өндірістік су қалдықтарын тазартуда жасыл технологияларды қолдану» жобасы бойынша Еуроодақ халықаралық ғылыми-техникалық орталығының жобалар жөніндегі бас кураторы Грэм Фриттен ынтымақтастық туралы ұсыныс түсті.
2018-2019 оқу жылында STARTUP конкурсына 75 жоба қатысып, 21-і жартылай финалған өткен болатын. ШҚМУ-дан 3 жоба қатыстырылды, оның екеуі жартылай финалға жолдама алды – «Ауыл шаруашылығы қалдықтарынан биоотын брикеттерін жасау» (М. Алмасбек) және «Өндірістік су қалдықтарын тазартуда жасыл технологияларды қолдану» (Ж. Оспанова). Атап өтерлігі, «Өндірістік су қалдықтарын тазартуда жасыл технологияларды қолдану» жобасы бойынша Еуроодақ халықаралық ғылыми-техникалық орталығының жобалар жөніндегі бас кураторы Грэм Фриттен ынтымақтастық туралы ұсыныс түсіп отыр.
Университетте студенттер, жас ғалымдар тарапынан стартап-жобалардың әзірленуіне және оларды қолдануға жіті көңіл бөлінуде.
Технологияларды коммерцияландыру кеңсесі жас ғалымдармен бірге түрлі байқауларға қатысады, олардың ішінде STARTUP BOLASHAK: Menin Armanym, Startup weekend: Greentech конкурстары бар.
Баспасөз қызметі