- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Келесі жылы Астана қаласында 10 маусымда басталып 10 қыркүйекке дейін жалғасатын «EXPO-2017» әлемдік көрмесіне билеттер сатыла бастады.
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен 6 жастан кішкентай балалар іс-шараға билетсіз, тегін кіре алады, - деп хабарлады ШҚО Ақпараттық орталығында. Сонымен қатар, зейнеткерлерге, көпбалалы аналарға, студенттер мен мектеп оқушыларына арнайы жеңілдіктер қарастырылған.
Билеттерді онлайн-сатылым қызметі бойынша сатып алуға болады. Қазіргі күні түрлі промо-акциялар жүргізілуде, сол арқылы билеттерді 20-50 пайыз жеңілдікпен алу мүмкіндігі бар.
Баспасөз қызметі