Экономика және құқық факультеті Қаржы және есеп кафедрасының оқытушылары кәсіптік бағдар беру аясында Ш. Құдайбердиев атындағы №1 орта мектептің түлектерімен онлайн режимінде кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқытушылар факультеттің және жалпы университеттің білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері мен бірегейлігі туралы ақпарат берді.
Университеттің тарихи бастауларына, заманауи мамандықтардың кең ауқымына және прогрессивті материалды-техникалық базасына, мәдени және ойын-сауық шараларына ерекше назар аударылды.
Қаржы және есеп кафедрасы