Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ЭжҚФ Қаржы және есеп кафедрасында «Толеранттылық» кураторлық сағаты өтті

УТ-19 тобының кураторы Қ.Ж. Шолпанбаеваның басшылығымен толеранттылық тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырды.

Осы тақырып бойынша Диана Фаизгалиева баяндама жасады. Кураторлық сағатта қызметте де, үйде де толерантты қарым-қатынасты сақтаудың ерекшеліктері мен маңыздылығы айтылды.

Кез келген дамып келе жатқан қоғамның, отбасының немесе ұжымның негізі – толеранттылық, сондай-ақ бір-бірін құрметтеу, қабылдау және түсіну қабілеті. Тұлғаның жеке қасиеті ретінде толеранттылықтың негізі –айырмашылық құқығын тану.

Бұл – басқа адамды өзінің көзқарасы бойынша қабылдау, басқа көзқарасты құрметтеу, басқа ұлт пен сенім өкілдерінің дәстүрлерін, құндылықтары мен мәдениетін түсіну мен қабылдау.

Толеранттылық – адамдардың сыртқы келбеті, ұстанымы, мүдделері, мінез-құлқы мен құндылықтары бойынша ерекшеленетінін және олардың даралығын сақтай отырып, әлемде бейбіт өмір сүруге құқығы бар екенін түсіну.

Қаржы және есеп кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo