Экономика және құқық факультетінің оқытушылары әлеуетті үміткерлердің ата-аналарымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде.
Қаржы және есеп кафедрасының оқытушылары Қ.Ж. Шолпанбаева мен А.М. Жапарова қаржы саласындағы мамандықтар туралы түсінік қалыптастыру, университетіміздің білім беру бағдарламаларына қабылдау мен оқытудың ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында №11 орта мектеп ұйымдастырған 11-сыныптың және С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледж түлектерінің ата-аналар жиналысына қатысты.
Кафедра оқытушылары білім беру бағдарламаларының артықшылықтарын онлайн режимінде ұсынды, сонымен қатар әлеуетті талапкерлер ата-аналарының сұрақтарына жауап беріп, оқытудың түрлі бағыттары бойынша, оқытудың ерекшеліктері жөнінде әңгімеледі.
Қаржы және есеп кафедрасы