ШҚМУ Экономика және құқық факультеті туризм мамандығының және облыс колледждерінің студенттері университетте «НК «Kazakh Tourism» АҚ өкілдерімен туризмді дамыту мәселелері бойынша кездесті.
Кездесуге «НК «Kazakh Tourism» басқарма төрағасы Р.Т. Күзембаев, ШҚО туризм басқармасының басшысы Ж.Б. Сәрсебаев, СД және ҒЖ жөніндегі проректор И.В. Ровнякова және ЭжҚФ деканы А.Г. Мұхамедиева қатысты.
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы мәдениет және спорт министрлігімен бірге ішкі туризмді дамытуға септесетін «Қазақстанның киелі географиясы» жобасына қатысуда.
Кездесуде Шығыс Қазақстандағы туризмнің дамуы туралы презентациялық фильм көрсетілді.
Баспасөз қызметі