«Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының 2-3 курс студенттері Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталық кітапханада өткен, балалар жазушысы Аделия Амраевамен кездесті.
Аделия Амраева - жас жазушылар 7-ші семинарының, Ресей және ТМД мемлекеттері жас жазушылары 10-шы форумының қатысушысы, Владислав Крапивин атындағы Халықаралық әдеби премиясының финалисті, «Футбольное поле», «Я хочу жить!», «Германия», «Не говорить» кітаптарының авторы.
Кездесуде Аделия өзінің жазушы ретінде қалай қалыптасқаны жөнінде айтып, болашақ филологтардың сұрақтарына жауап берді.
Баспасөз қызметі