- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қазақ тіл мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенттері үшін «Ұлы даланың жеті қыры – ұлттың ұлы мұраты» атты кураторлық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оны куратор, аға оқытушы Ж. Қайырбаева өткізді.
Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізге алынды. Студенттер Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған ұсыныстары мемлекетіміздің нығаюына септігін тигізетініне тоқталып, тарихын білген жастар ғана өткеннен сабақ алып, болашақта жетістіктерге жететінін атап көрсетті.
Сондай-ақ, студенттер ән-күй орындап, көркемсөз оқып, өнерлерін де ортаға салды.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы