- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚУ-да халықаралық толеранттылық күніне орай физика-информатика мамандығының кураторы Жадыра Тоқтағұлованың ұйымдастыруымен кезекті онлайн кураторлық сағат өтті.
Сабақ 1 курс студенттерінің топ старостасы Ділназ Сакенованың жетекшілігімен өтті. Сабақтың негізгі бөлімінде Қазақстандағы этносаралық қатынастар, толеранттылық ұғымы және феномені қамтылды.
Сергіту сәті ретінде өз ойындағы адамның суретін салып, оның бойындағы толеранттылық қасиеттерін атап өту болды. 1 курс болса да балалар жылдам белсенділік танытып, сабақты бейбіт еліміздің толерантты ұрпағы боламыз деп ұранмен тәмамдады.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті