Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Физика кафедрасында кәсіптік оқыту бойынша білім беру бағдарламаларын түзету талқыланды

Физика кафедрасында 2021-2022 жылдарға арналған«Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика», «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламаларын жақсарту жөніндегі жобалық комитеттің отырысы өтті.

Жиналысқа физика кафедрасының меңгерушісі Г.С. Бектасова, аталғанбілім беру бағдарламасының эдвайзерлері М.М. Нұризинова мен А.Б. Сәтімбекова, жұмыс берушілерден Өскемен қаласы Жас техниктер станциясының директоры Е.К. Жәркембаев, Өскемен қаласы Оқу-өндірістік комбинатының директоры Б.А. Ысқақов, Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің директоры К.Ж. Сәндібаев, аталмыш колледждің оқытушысы Н.Ғ. Сайынова, «Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика» мамандығының 4 курс білім алушысы Т.Б. Бауыржанова мен 1 курс білім алушысы А.М. Қабыләшімова қатысты.

ЖОО-да білім беру мазмұнын жетілдіру мақсатында пікір алысты. Жұмыс берушілер өздері ұсынып отырған пәндердің қазіргі практикалық маңызы мен қажеттігіне негіздеме жасады.

Болашақта түлектерді даярлау кезінде оқыту нәтижесі құзыреттілігіне қол жеткізуге бағдарлау, еңбек нарығының мониторингін, түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингін, осы мамандық бойынша ҚР шетелдік және басқа да жоғары оқу орындарының ББ-ны зерделеуді ескеру жөнінде шешім қабылданды.

Отырыста білім беру бағдарламасының мазмұнын және элективті пәндер каталогын түзету туралы қаулы шығарылды.

Физика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo