Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Физика кафедрасында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» мерекелік іс-шарасы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Физика кафедрасында «Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика», «Ядролық физика» және «Физика – информатика» білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан 1 және 2 курс студенттерімен Тәуелсіздігі күніне арналған онлайн іс-шара өтті.

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» мерекелік іс-шарасын Физика кафедрасының кураторлары М.М. Нұризинова, А.Б. Төкежанов, Ж. Тоқтағұлова өткізді.

Мерекелік іс-шарада студенттер өз өнерлерін паш етті, яғни ән, күй, өлең, монолог оқу, презентациялар арқылы тәуелсіз елдің және осы елдегі өздерінің жетістіктерін көрсетуге тырысты.

– Ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке бүгінгі ұрпақтың қолы жетті. Тәуелсіздіктің арқасында іргеміз бүтінделіп, еңсеміз көтерілді. Ұлы дала төсінде ынтымақ пен береке орнады. Бүгінгі жетістіктеріміз – еліміздің өркениетті дамуының  нәтижесі, озық білім мен ғылымды игерген жастар – еліміздің ертеңгі тірегі! – дейді рухани тағылымға мол тәрбие сағатын қорытындылаған жастар.

Физика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo