Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Физика кафедрасында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың физика кафедрасында Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара өтті.

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» іс-шарасы кафедра меңгерушісі  Г. Бектасованың құттықтау сөзімен басталып, Тәуелсіздік құрбандарын еске алу мақсатындағы бір минут үнсіздікпен жалғасты.

Бағдарлама куратор ядролық физика мамандығының студенттері дайындаған монологтармен және әндермен толықты. Тәуелсіздіктің қалай келгені туралы бейнебаян көрсетілді.

 «Физика-информатика» мамандығының студенттері тәуелсіздік құрбандарын еске алу мақсатында студенттер көріністерден үзінді қойды. Көрініс көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Іс-шарада студенттер өлең шумақтарын арнап, ән-күймен жалғастырды. Іс-шара Жеңісқызы Айсананың орындауындағы патриоттық ән «Атамекен» әнімен аяқталды.

Салтанат соңында студенттер Тәуелсіздік құрбандарының портреттерін сахнаға алып шықты, осы сәтте көрермен тік тұрып ұзақ қол шапалақтады.

Іс-шараны ядролық физика және физика-информатика мамандығының студенттері және кураторлар Е. Әміренова мен А. Төкежанов ұйымдастырды.

Физика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo