Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Физика кафедрасында жұмыс берушілердің қатысуымен білім беру бағдарламалары бойынша жобалық комитеттердің отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да 5В060500 – «Ядролық физика және атомдық энергетика», 7M05301 (6М060400) – «Физика», 8D05301 – «Физика» ғылыми бағытындағы білім беру бағдарламалары (БББ) бойынша онлайн режимде жобалық комитеттердің отырысы өтті.

Жоба комитетінің кезекті отырысының басты мақсаты жұмыс берушілер мен еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламалары бойынша элективті пәндер каталогының (ЭПК) мазмұнын жаңарту бойынша ұсыныстар енгізу болды.

Комитет отырысына БББ жетекшілері, менеджерлері және «ҮМЗ» АҚ ғылыми орталығының жетекшісі М.К. Қылышқанов, Ғылыми орталық басшысының орынбасары М.А. Подойников, «BEST» өндірістік фирмасы ЖШС бас директоры А.В. Павлов қатысты.

Кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша қолданыстағы пәндердің тақырыптарын түзету ұсыныстары енгізілді.

Отырыс соңында физика кафедрасы білім беру бағдарламаларының жетекшісі Г.С. Бектасова ББ менеджерлеріне элективті пәндер каталогында жұмыс берушілер өкілдерінің ұсыныстарына сәйкес түзетулер енгзуді тапсырды.

Физика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo