Кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде Өскемен қаласының «№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ-нің 11 сынып оқушыларымен ШҚУ физика кафедрасы оқытушыларының онлайн-кездесуі өтті.
Кафедра меңгерушісі Г.С. Бектасова оқушыларға ЖОО-да ҰБТ өткізу туралы, оқу ақысы туралы, Физика кафедрасының білім беру бағдарламалары туралы, оның ішінде пәндер үш тілде оқытылатын көптілді топтардағы бағдарламалар туралы, университеттің әлеуметтік саласы туралы айтып берді.
Аға оқытушы Е.П. Шевчук магистранттарға арналған университеттегі қосдипломды білім туралы, сондай-ақ бакалавриатқа арналған қосдипломды білім беру бағдарламасы туралы айтты.
Оқытушылар №19 мектеп-қосымша білім беру орталығы 11 сынып оқушыларының сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында оқушылар білім беру бағдарламалары, практика базалары, халықаралық ынтымақтастық және т.б. туралы қосымша материалдар алды.
Баспасөз қызметі