Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Физика және - Кәсіптік оқыту мамандығының магистранттары СФУ (Ресей) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті

28 мамыры мен 6 маусымы аралығында Физика және Кәсіптік оқыту мамандықтарының магистранттары Сібір Федералды университетінде (Ресей, Красноярск) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті, тағылымдамадан өту барысында магистранттар заманауи ғылыми зертханалармен танысып, іргелі ғылыми зерттеулер саласында бағалы тәжірибе алуға мүмкіндік алды.

Жоғары оқу орнының жетекші зертханаларымен танысып (металлографиялық талдау зертханасы, белсенді наноматериалдар зертханасы, физика және магниттік пленкалар зертханасы, молекулалық спектроскопия зертханасы), өздерінің магистрлік диссертациялары шеңберінде зертханалық зерттеулер жасады. «Көміртекті болат үлгілерінің феррит-перлиттік микроқұрылымын зерттеу», «Спектрлік талдау» және т.б. тақырыптар бойынша дәрістер тыңдады. Көміртекті болатты зерттеу қазіргі заманғы материалтанудағы өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Бұл әдеттегі конструкционды материалдарды қолданудың жаңа мүмкіндітерін ашады. Көміртекті болат үлгілерінің құрылымын талдау үшін «Quin» суретті өңдеу бағдарламасы бар «LeicaDMILM» оптикалық микроскоп пайдаланылды.

Барлық зертханаларзаманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Тағылымдама барысында заманауи құрал-жабдықтармен танысып қана қоймай, ЖОО жетекші ғылыми қызметкерлердің қатысуымен осы жабдықтарды пайдаланып үлгілерді микроскопиялық талдау, рентгендік құрылымдық талау сияқты бірқатар талдаулар мен зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алды.

Түсті металлургия және материалтаны институтымен, университет кітапханасымен танысты. Кітапханада жұмыс істеу барысында әр магистрант өздерінің магистрлік диссертациясы аясында ғылыми еңбектерді іздестірді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo