Іс-шараны «Физика» мамандығы бойынша оқып жүрген 2-3 курс студенттері ұйымдастырды.
Салтанатты кафедра меңгерушісі Гүлсім Бектасова және ф.ғ.к., доцент Бейсен Ахметжанов ашты. Одан әрі 1 курс студенттері ант қабылдады. Кеш концертпен жалғасып, студенттер өз өнерлерін көрсетті. 3 курс қыздарынан құралған «Әңгелек-дөңгелек» КВН командасы әзіл-сықақ нөмірлерімен көпшілік көңілін көтерді. Әр түрлі ойындар ойнатылды.
Концерттің соңы би кешімен аяқталды.
Физика және технологиялар кафедрасы