Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«G-global» алаңындағы экономикалық және құқықтық зерттеу орталығында «Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

18 қазанда «G-global» алаңындағы экономикалық және құқықтық зерттеу орталығында Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  халыққа Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.                                     

Іс - шараға ШҚО әкімі аппаратының бас инспекторы - Серікхан Бейсенғазыұлы Нұртазин, ШҚО әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі - Ринат Арыстанбекұлы Арыстанбек, экономика және құқық факультетінің студенттері, магистранттары мен ПОҚ қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысының негізгі бағыттары: дөңгелек үстел тақырыбы аясындағы мәселелер бойынша заманауи ғылыми-практикалық ақпаратпен алмасу; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  халыққа Жолдауының ережелерін іске асыру тәсілдерін әзірлеу.

«Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат» атты дөңгелек үстел өз міндеттерін орындады -  дөңгелек үстел тақырыбы аясында көтерілген мәселелер бойынша қазіргі заманғы ғылыми-практикалық ақпаратпен алмасуға ықпал ету, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының ережелерін жүзеге асыру жолдарын жасауға ықпал етеді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы мемлекеттік кызметшінің және мемлекеттік аппараттың рөлі жайлы, халықтың әл-ауқатының өсуіне бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда бюрократия (төрешілдік) пен сыбайлас жемқорлықты төмендету мәселелерін талқылады. Пікірлесу нәтижесінде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасалды. 

Т. Абылайханова

Қазақ
× You found a Typo