Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Ғаламдық журналистика және жаңа медианың мүмкіндіктері» атты академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша курс өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ журналистика мамандығының студенттері арасында «Ғаламдық журналистика және жаңа медианың мүмкіндіктері» атты академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша курс өтті. 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шақыртылған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультеті деканының ғылым және инновация жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Мысаева Қарлыға Нақысбекқызы арнайы келіп дәріс оқыды.  

Курс барысында ғалым шетел журналистикасының қыр-сырымен сондай-ақ, АҚШ-тағы  журналистика саласына қатысты жүргізген зерттеулерімен бөлісті.

Болашақ журналистерге таптырмас мәліметтер, ақпараттар берді.  Дәрісті тыңдауға бірқатар студенттер мен оқытушылар қатысты. Аталған іс-шара бүгін де жалғасын табатын болады.

            Алтынай Бақытжанқызы,  журналистика мамандығының 2 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo