Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ғалым Галина Николаевна Кузьминаны еске алу

26 сәуірде биолог-ғалым, биотехнолог, С. Аманжолов атындағы ШҚУ молекулалық биология ғылыми мектебінің іргесін қалаушы, С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертханасы жанындағы Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы зертханасын құрушы Галина Николаевна Кузьмина қайтыс болды.

  Галина Николаевна 1937 жылы 4 тамызда Краснодар өлкесінің Армавира қаласында дүниеге келген, 1960 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, Шығыс Қазақстанға жұмысқа жіберіледі. 1968 жылдың 25 қыркүйегінде Бүкілодақтық өсімдіктерді қорғау ғылыми-зерттеу институты кеңесінің шешімі бойынша ғылым кандидаты дипломын алады. 1972 жылғы 31 тамызда Жоғары аттестаттау комиссиясының шешімімен "Фитопатология және өсімдіктерді қорғау" мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер (АҒҚ) ғылыми атағы бекітілді.

Кузьмина Галина Николаевна ғалым-зерттеушінің даңғыл жолын жүріп өтті: қызметі 1960 жылдан 2000 жылға дейін фитопатология, вирусология, иммунитет, селекция және биотехнология мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерге арналды. Негізгі ғылыми жұмысы Шығыс Қазақстанда, басында тәжірибе станциясында өтті, ол мекеме кейін Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ШҚ АШ ҒЗИ) болып атанды.

2001 жылдан бастап Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Биология кафедрасында жұмыс істеді және 11 жыл бойы С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертханасы жанындағы Өсімдіктердің биологиясы мен биотехнологиясы зертханасын басқарды.

Галина Николаевнаның жетекшілігімен 33 магистрант дайындалды, олардың 2-уі кандидаттық диссертация қорғады, 100-ден астам ғылыми жұмыс пен әдістемелік ұсыным жарияланды.

Галина Николаевна зертхананың жас ұжымы үшін қолынан келгенше қолдау білдіретін, ол ілтипатты, сыпайы, еңбекқор жан және адал зерттеуші болды, көптеген ғылыми нәтижелерге қол жеткізіп, оларды Шығыс Қазақстандағы шаруашылықтардың тәжірибесіне тиімді енгізді.

Галина Николаевна ерен еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен, екі медальмен, тың игеруші төсбелгісімен, ҚР БҒМ алғыс хаттарымен, грамоталармен және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың төсбелгілерімен марапатталған.

"С. Аманжолов атындағы ШҚУ" КЕАҚ ұжымы өмірден өткен әріптестерін қайғыра еске алады. Галина Николаевна біздің жадымызда кәсібилік пен зиялылықтың, өмірлік даналық пен парасаттылықтың үлгісі болып қала бермек.

«С.Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕАҚ ұжымы,
Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертханасының Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы зертханасы

 

Қазақ
× You found a Typo