СТЕМ-жобаларды ұсыну бағытында көшбасшы болып табылатын Риза (Германия) қаласындағы Вернер Гейзенберг атындағы мектеп гимназиясының өкілдері ШҚМУ-да болды.
ШҚМУ Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебімен бірге СТЕМ-бағытында мұғалімдерді даярлау жобасына қатысуда.
Жоба келер жылдың қаңтарынан іске асырылуы тиіс. STEM аббревиатурасы ағылшын тіліндегі ғылым, техника, машина жасау және математика сөздерінің алғашқы әрпінен алынған.
Қонақтар университет зертханаларын аралап көрді.
Делегация құрамында гимназия директоры, профессор Сильвия Мебус, халықаралық ынтымақтастық бойынша үйлестіруші Симона Грундлер, химия мұғалімі Мэриан Шайб, 12 сынып оқушылары Пол Бьюрич пен Антон Вайнхолд болды.
Баспасөз қызметі