Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Германиядан келген SES эксперті ШҚМУ оқытушылары мен студенттері үшін семинарлар мен тренингтер өткізді

SES эксперті Хельга Фишер (Германия), үштілді білім беруді  жүзеге асыру бағдарламасы аясында, университетте біршама әдістемелік семинарлар мен тренингтер өткізді.

Қазанның 3-нен 21-не дейін  халықаралық ынтымақтастығы саласы  бойынша неміс экономикасы қорының эксперті Хельга Фишер (Германия) үштілді білім беруді  жүзеге асыру бағдарламасы аясында, университетте ағылшын тілін оқытудың әдістемесі мен дидактикасы және мәдениаралық қатынастар  бойынша оқытушылар мен студенттерге арналған біршама әдістемелік семинарлар мен тренингтер өткізді.

Аталмыш шаралар,  негізінен, төмендегі топтаға арнап өткізілді:

-Ағылшын тілі мұғалімдері мен «Шет тілі:екі шет тілі » мамандығында оқитын студенттер үшін «Introduction in to the methodology of TEFL (Teaching English as a Foreign Language)» тақырыбы бойынша;

-Пәндерді ағылшынша оқытатын мұғалімдер үшін «Teaching Resources and Methods in Content and Language Integrated Learning (CLIL)» тақырыбы бойынша ;

-«Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығында ағылшын тілі курстарын жүргізетін мұғалімдер үшін «The Communicative Approach in Teaching English as Foreign Language (TEFL)» тақырыбы бойынша ;

- «Халықаралық қатынастар » мамандығының оқытушылары мен студенттері үшін «Intercultural Communication and Negotiation Procedures and Techniques for International Conferences» тақырыбы бойынша .

 Семинарлар мен тренингтер барысында эксперт мұғалімдердің сабақтарына қатысып, оларға әдістемелік нұсқаулар мен кеңестер берді, ағылшын тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, мастер-кластар, рөлдік ойындар өткізді. Соңынан қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

                                                        «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы

Қазақ
× You found a Typo