Юстус-Либиг Гиссен университетінің (Германия) профессоры, доктор Йорн Аренс Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті студенттеріне арнап қазанның 3-інен 13-іне дейін мәдени әлеуметтану бойынша дәрістер оқиды.
Прфессор дәрістерінің ерекшелігі сол – ол мәселелерді «Искатели», «Непрощенный», «Имитация жизни» және өзге де әйгілі кинофильмдерді мысалға ала отырып қарастырады. Фильм сюжеттерін қолдана отырып ол назарды экранда жасырынған мына өткір мәселелерге аударады: әйелдердің әлеуметтік орны және рөлі, жанұядағы қарым-қатынастар, әйелдің жеке тұлғасы, гомосексуализм, нәсілшілдік және т.б.
Дәрістер сәрсенбі мен жексенбіден өзге күндері жүреді, Йорн Аренс тыңдаушыларды №1 оқу ғимаратының 218 дәрісханасында сағат 8.55-те күтеді.
Баспасөз қызметі