Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Глубокое ауданының мектеп түлектерімен Университет күні өтті

Бүгін, 13 мамыр күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де Глубокое ауданының мектеп түлектері үшін Университет күні ұйымдастырылды.

Бағдарлама бойынша студенттер флешмобы, викториналар, тәрбие ісі жөніндегі проректор И.В. Ровнякованың, факультет декандарының мектеп түлектерімен кездесуі және концерттік бағдарлама қаралған.

– Біздің университеттің тарих тамыры тереңге таралған, сонау 1952 жылдан бастап университет қабырғасынан 60 мыңнан астам оқытушы даярланып шықты. Бүгінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ көп профильді, республикадағы ірі жоғарғы оқу орындарының бірі. Сіздердің алдарыңызда үлкен таңдау тұр, тек оқу пәнін дұрыс таңдауға назар аударсаңыздар, - деді тәрбие ісі жөніндегі проректор.

 Сонымен қатар, университет проректоры ШҚМУ-ғы мүмкіншіліктер мен артықшылықтар, білім беру бағдарламалары туралы айтып берді.

Содан соң мектеп оқушылары төрт топқа бөлініп №1 оқу ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

1 топ Қылмыстық орталығын, электронды оқу залын, «Тарих және қазіргі заман» мұражайы, 2 топ электронды оқу залы, химиялық зертхана, табиғат мұражайы, 3 топ «Алтайтану» ҒБО, синология кабинеті мен университет мұражайын, ал 4 топ спорт залымен, балалар кабинеті және электронды оқу залымен танысты.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo