Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Глубокое ауданының оқушылары ШҚМУ-да болды

Демалыс күндері Глубокое ауданы мектептерінің болашақ түлектері С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №1 және №5 оқу ғимараттарына экскурсия жасады.

№1 оқу ғимаратында оқушылар құрамына В. Бажанов атындағы табиғат мұражайы, геологиялық мұражай, гербарий кабинеті енетін Археология және Алтай мәдени мұрасы музейіне, Криминалистикалық орталыққа, ғылыми кітапханаға барды.

№5 оқу ғимаратында балалар «Назарбаевтану», «Зияткер» ғылыми-білім беру орталықтарымен, Біліктілікті растау орталығымен, SANALY URPAQ фронт-кеңсесімен, облыстық білім мұражайымен, «Рухани жаңғыру» конференц-залымен танысты.

Сондай-ақ, олар «Altai jastary» медиаорталығының телестудиясында болып, өздерін тележүргізуші ретінде сынап көрді, ал СД және ҒЖ жөніндегі проректор И. Ровнякова оқушылармен «Ток-шоу» рөлдік ойынын өткізді. 

Университет күні естелік суретке түсумен тәмамдалды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo