Гнесиндер атындағы Ресей Музыка академиясының (Мәскеу) проректоры Д. Кирнарская ШҚМУ оқытушылары мен студенттері үшін «Музыкалық білімнің психологиялық негіздері» тақырыбында дәрістер оқиды.
Ресейлік музыкатанушы, Гнесиндер атындағы Ресей Музыка академиясының (Мәскеу) проректоры, профессор, өнертану докторы, психология ғылымдарының докторы, музыкалық психолог, музыкалық психология саласындағы ресейлік ең беделді мамандардың бірі Дина Константиновна Кирнарская ШҚМУ оқытушылары мен студенттері үшін «Музыкалық білімнің психологиялық негіздері» тақырыбында дәрістер оқиды.
Танымал музыкатанушының сапары академиялық ұтқырлық аясында өтпек.
Бүгін, 18 сәуірде, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген Гнесиндер атындағы Ресей Музыка академиясының проректоры Д. Кирнарскаямен іскерлік кездесу өткізді, онда екі ел ЖОО-лары арасындағы ынтымақтастық және әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.
Дәрістер 19 сәуірден 26 сәуірге дейін оқытылады (№2 оқу ғимарты, сағат 9-00-ден 16-00-ге дейін).
Баспасөз қызметі