Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Гуманитарлық колледжде университет күні өтті

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің түлектері үшін 29 наурызда Университет күні өткізілді.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген құттықтау сөзінде облыстағы педагогтардың 80 пайызын 65 жылдық тарихы бар ШҚМУ дайындағанын атап өтті.

Колледж директоры Фархат Құрманов болса колледж оқытушыларының 95 пайызы ШҚМУ түлектері екенін жеткізді.

Оның айтуынша, колледж тарихында ЖОО ректоры оларға тұңғыш келіп тұр екен, яғни бұл алдағы уақытта қосжақты серіктестіктің дамып, жаңа деңгейге көтерілетінін анық аңғартады.

Жиында Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы Досым Ерболатұлы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ләйлә Байжұманова, ЖОО түлектері сөз сөйледі.

Студенттер музыкалық сый жасап, өз өмірлері туралы бейнеролик көрсетті. Онда жыл сайынғы «Сібе» оқу-ғылыми-өндірістік кешеніндегі тілдік мектеп, «Battle» би сайысы және кешенді тестілеу барысы туралы айтылды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo