Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ғылымға алғашқы қадам

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен «Жас зерттеуші» атты Шығыс Қазақстан облысы және қала мектептерінің 1-4 сынып оқушылары арасындағы ғылыми жұмыстары сайысы өтті.

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекеті қазіргі мектеп бағдарламаларында маңызды рөлге ие. Осы жастағы бала қабілетін ашып, үйлесімді тұлға етіп тәрбиелеу мен дамытудың басты құралының бірі-зерттеу жұмысы. Осыған орай, Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен дәстүрлі облыс және қала мектептерінің ұйымдастыруымен «Жас зерттеуші»  сайысы өтті.

Сайыстың мақсатты – бастауыш сынып  оқушыларының ғылыми-зерттеу және  іс-тәжірбиелік жұмыстарды ұйымдастыру дағдыларын және интеллектуалды-шығармашылық әлеуетiн қалыптастыруға үлес қосу, заманауи ғылым мен техиканың, өндірістегі талаптарын үйертіп, шығармашылық іс-әрекетін дамыту. Ғылыми жұмыстарын қорғауда 5 секция жұмыс жасады:

1 секция   - қазақ тілі және әдебиет ,

2 секция – орыс тілі және әдебиет,

3 секция - математика-информатика,

4 секция – жаратылыстану, химия, экология;

5 секция - география –өлкетану.

Сайысқа Ұржар, Күршім, Глубокий аудандары мен қала мектептерінің 1-4 сынып оқушылары қатысты.

Сайыста оқушылардың қорғауға ұсынған зерттеу жұмыстарының тақырыбы бойынша ақпаратты түсіну деңгейі; зерттеу мәселесін түсінуі, оның мақсатын құруы; презентацияны дайындау деңгейі жоғары екенін байқатты.

Бүгінгі мектеп партасында отырған оқушының ғылыми білім алып, әлемдік ғылым, білім, мәдениет, жетістіктерімен сусындатып, шығармашылық қабілетті тұлға ретінде қалыптастыруға мүмкіндік жасап отырған ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз.

Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo