Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ғылыми кітапхана өкілі ШҚМУ Жоғары колледжінің әдістемелік кеңесіне қатысты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасының қызметкері Шынар Нәбиева Жоғары колледжінің әдістемелік кеңес отырысына қатысты.

Кеңесте Шынар Қайырғазықызы «Колледждің әдістемелік тақырыбын жүзеге асырудағы кітапхананың маңызы» баяндамасын жасап, кітапхананың мерзімді басылымдарына, жаңа ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, оның ішінде қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасымен шыққан кітаптарға шолу жасады.

Іс-шараға қатысушылар ұсынылған кітап көрмесіне қызығушылық танытып, жаңа кітаптар оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін қамтамасыз етуге, педагогикалық құрамның шығармашылық қызметіне қажетті жағдай жасауға, студенттердің пән бағдарламаларын табысты меңгеруіне көмектеседі деген пікір білдірді.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo