Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ғылыми кітапханада «Әйел сұлу көрінер...» атты сурет көшірмелерінің көрмесі

Алғаш рет С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасында «Әйел сұлу көрінер...» атты белгілі қаламгерлердің қылқаламынан шыққан  сурет көшірмелерінің көрмесі өтеді.

Біздің вернисаж алда келе жатқан Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамдарына арналған.  Бұл іс-шараның ерекшелігі – барлық сурет көшірмелері кітап қорынан алынып, кітапханамыздың кең дәліздерінде оқырмандар назарына ұсынылады.

Көрме 2017 жылдың 3 наурызынан бастап жұмыс істейді. Онда әлемдік және отандық көркемсурет жауһарларының 30-дан астам көшірмесі қойылады. Олар туралы қызықты мәліметтерді біздің кітапханашылардан біле аласыздар. Назарларыңызға ұсынылатын әр түрлі көркемдік техникада орындалған үздік туындылардың хронологиялық шеңбері XVI ғасырдың ортасынан XXI ғасырдың басына дейінгі уақытты қамтиды,

Көрмеге қойылатын сурет көшірмелері қарындаш немесе майлы бояумен, тушь немесе акварельмен, шапшаң немесе қиын техникамен орындалғаны бар  - барлығы әйел, көктем, гүлдерді бейнелейді.  Сурет көшірмелеріндегі мейлі ол кішкентай қыз, мейлі ол самайын ақ шалған егде әйел болсын бәрінің жүздері өте сұлу, өйткені оның әрқайсысы суретшіні тәнті етіп, өзіне баурап алған.

Француз классиктерінің бірі «Әйел туралы жазғын келгенде қылқаламыңды кемпірқосаққа малып, көбелектің қанатының шаңын қақ !» деп әдебиеттегі арулардың бейнесін суреттегендей, әйелдің өнердегі орны ерекше.

Көрме айдың соңына дейін жұмыс істейді.

Т. Устинова,

ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo