Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ғылыми - теориялық семинар өтті

Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушылар мен магистранттарға   арналған «А.Байтұрсынов – қазақтың рухани көсемі»  атты ғылыми - теориялық семинар өтті.

Аталмыш шара ақын, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың 145 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

- Семинардың мақсаты - «Қазақтың рухани көсемі» А.Байтұрсыновтың еңбектерін көпшілікке тарату, насихаттау және шығармашылығы жайында тың ғылыми зертттеулерді саралау. Жас мамандарды ғылыми шығармашылыққа тарту, тәжірибе алмасу арқылы ғалым еңбектерін зерттеу жұмысының жаңа және тиімді механизмдерін іздеуді ұйымдастыру, - дейді шара модераторы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Күләш Еңсебаева.

Жиында баяндамалар оқылып, қызу талқыға салынды. Семинар барысында Күләш Еңсебаева мен Жазира Қайырбаеваның «А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына» арналған презентациясы көрсетілді. Сондай-ақ, ф.ғ.к., доцент, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі  Айымгул Сейпутанова  «А.Байтұрсынов және әдістеме мәселесі», ф.ғ.к., профессор Сламбек Оразалин «А.Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы», ф.ғ.к., доцент Бақытжан Келгембаева «Отандық фольклортану ғылымы және А.Байтұрсынов зерттеулері», ф.ғ.к., доцент Аида Айтмукашова «А.Байтұрсынов - қазақ морфологиясының негізін салушы», ф.ғ.к., доцент Күләш Еңсебаева «А.Байтұрсынов және синтаксис мәселелері», аға оқытушы Қарлығаш Барбосынова «А.Байтұрсынов - әдебиеттанушы», ф.ғ.к., доцент Бердібек Бияров «А.Байтұрсыновтың тіл біліміне қосқан үлесі» атты тақырыптарда ғылыми баяндамалар жасалды.

Шараға Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің аға оқытушысы Фарида Байботанова қатысып сүбелі ойларын ортаға салды.

Семинар соныңда қатысушылар өз ұсыныстарын білдірді.

Н. Серікбек

Қазақ
× You found a Typo