Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ғылыми зерттеу нәтижелері сапалы басылымдарда жариялануы тиіс

«Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізу бойынша ҚР БҒМ-нің бұйрығы тіркелді.

Қазіргі уақытта бұл тізімге негізінен формалды өлшемдер бойынша іріктеп алынған 177 басылым кіреді.
Сондықтан қолданыстағы критерийлерді халықаралық талаптарға бейімдеу бойынша жұмыс басталды.

Мәселен, 2 рет сырттай рецензиялау, нақты редакциялау саясаты, жарияланым мазмұны мен басылымдардардың бағыттық сәйкестігі, шетелдік мамандардың рецензиялары, өзгенің жазбасын пайдалануды тексеру, барлық жарияланым шарасының ашықтығы, мықты редакция алқасы, жарияланымдарды жіберу және рецензиялаудың онлайн жүйесі, әдеп пен академиялық адалдық бойынша талаптар және т.с.с.

Көрсетілген тізбеге кіретін отандық басылымдарға осы талаптар біртіндеп қойылатын болады.

Нәтижесінде басылымдардың саны емес, сапасына мән беріледі, сапалы контент үшін бәсекелестік артады және халықаралық деңгейдегі ғылыми басылымдарды шығарудың кәсіби академиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді деп ойлаймын.

Сондай-ақ отандық журналдарды Scopus және Web of Science халықаралық базасына енгізу үшін, ғылыми журналдарға қаржылай қолдау көрсетіп, демеу беру мақсатымен конкурс жариялауды жоспарлап отырмыз.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

 ҚР БҒМ

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/rezultaty-nauchnyh-issledovaniy-dolzhny-razmeshchatsya-v-kachestvennyh-izdaniyah?lang=kk

Қазақ
× You found a Typo