Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Хакас политехникалық колледжінің директоры (РФ) ШҚУ оқытушыларына халықаралық конференцияға қатысқандары үшін алғысын білдірді

С. Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушылары Хакас политехникалық колледжінің (РФ) директоры Н.В. Шелуханың атынан «Білім. Ғылым. Техника. Шығармашылық» халықаралық ғылыми-танымдық конференциясын ұйымдастырғандары және қатысқандары үшін екі Алғыс хат алды.

Хаттарда Хакас политехникалық колледжінің (Ресей) директоры Н.В. Шелуха С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә. Төлегенге, Физика кафедрасының меңгерушісі Г.С. Бектасоваға және кафедра оқытушылары Е.П. Шевчукқа, Г.С. Смолинге, К.Т. Иманжановаға "Білім. Ғылым. Техника. Шығармашылық" конференциясын жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізгендері үшін алғыс білдіреді.

"Дарынды жастарды қолдауға көмектескендеріңіз үшін рахмет! – деп жазады Н.В. Шелуха. – Сіздерге педагогикалық қызметте табыс тілейміз, жастардың кәсіптік білім беру ісінде жаңа өзара іс-қимыл жолдарын ашатын сіздермен одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт артамыз".

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo