С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілі Әзиза Өмірзақовамен кездесті.
Орталық өкілі Әзиза Өмірзақова «Болашақ» бағдарламасының маман даярлаудағы мақсаттары мен артықшылықтары туралы, стипендияға үміткерлерді іріктеудің ережесі айтты.
Бағдарлама академиялық оқытудан (магистратура, докторантура) және әлемнің озық компаниялары мен университеттеріндегі ғылыми-өндірістік тағылымдамадан тұрады.
«Болашақ» стипендиясын Елбасы 1993 жылдың 5 қарашасында бекітті.
Кездесуге Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ және ҚАЕУ студенттері де қатысты.
Баспасөз қызметі,
Жастар ісі жөніндегі комитет