Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Халықаралық қарттар күнінде ШҚМУ ректоры ардагерлермен кездесті

Бай дастархан, жылы атмосфера, жайлы орын, риясыз әңгімелер, естеліктер, ескі әуендер, сыйлықтар – Қарттар күні ШҚМУ ардагерлеріне осындай тосынсый жасалды.

ШҚМУ ардагерлері, 30 жылдан астам ЖОО-да еңбек еткен оқытушылар ректормен жүздесу барысында бүкіл одаққа әйгілі ӨПИ-де атқарған қызметтері туралы естеліктерімен бөлісті.

–Біз аға буынның бай тәжірибесін қадірлейміз. Бізге қарияларымыздың ақыл-кеңесі ауадай қажет. Әрдайым сіздерге арқа сүйейміз, жастар сіздерден үлгі-өнеге алады. Баршаларыңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт тілеймін, – деді ректор. 

Еңбек ардагерлері ректорға кездесу үшін, көрсетіп жүрген құрметі мен ілтипаты үшін алғыс айтты. Естеріңізге салар болсақ, ректор тағайындала салысымен ең алдымен осы ардагерлермен басқосу өткізген-ді.

–Біз оқу орнымыздың тыныс-тіршілігін ұдайы бақылап, жанкүйер болып отырамыз. Университетке бастамашы, қуатты, сан алуан идеялары бар ректордың келгеніне қуанамыз, – деді биология ғылымдарының кандидаты, ихтиолог, ақын Людмила Андреевна Федотова.

Мерекелік кеш соңында ректор Мұхтар Төлеген ардагерлерге сыйлықтар тарту етіп, ай сайын жүздесіп тұрды ұсынды. 

Ректор ұсынысын қариялар қуана қабыл алды. Кеш соңы ән мен биге ұласты. 

Баспасөз қызметі 

Қазақ
× You found a Typo