С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасы «Мамандықтың үздігі (Халықаралық қатынастар)» байқауын өткізді. Іс-шара Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің Абайдың 175 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған онкүндігі аясында ұйымдастырылды.
Байқау тақырып бойынша тестілеу, «Абай шетелдік қазақстантануда» таныстырылымы және «Кім жылдам?» викторина-байқауы тәрізді үш турдан тұрды. Байқауға «Халықаралық қатынастар» мамандығының 2-3 курс студенттері қатысты. «Абай шетелдік қазақстантануда» атты екінші тур ерекше қызығушылық туғызды, онда студенттер ақын есімі мен шығармашылық мұрасының Қазақстанның шетелдермен мәдени ынтымақтастығын дамытуға ықпалын ашуға тырысты.
Байқау нәтижесі бойынша 3 курс студенті Диана Бейсембаева «Мамандықтың үздігі» номинациясына ие болды. Екінші және үшінші орындарды 3 курс студенті Саида Оразбаева және 2 курс студенті Камила Кусембекова иеленді.
Қазақстан тарихы кафедрасы