- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
29 наурызында халықаралық ынтымақтастық бөлімімен сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру аясында 2017-2018 оқу жылының орыс филологиясы кафедрасының, филология, тарих және халықаралық қатынастар факультетінің студенттерімен және магистранттарымен, психология және педагогика кафедрасының, дене шынықтыру және спорт кафедрасының, алғашқы әскери дайындық кафедрасының, сонымен қатар психология, педагогика және мәдениет факультетінің студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесу мақсаты академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу жайында ақпарат тарату болды. Алдағы жұмада басқа да кафедра және факультеттермен кездесу жалғасын табады.
Сыртқы академиялық ұтқырлық- шетелдік ЖОО-да бір семестр көлемінде білім алу бағдарламасы.
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі