Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Хан қорық» республикалық жастар фестивалі

Елін сүйген жан жерін де сүйеді. Ел мен жер бірігіп, «Отан» ұғымын білдіретіні сөзсіз. Тәуелсіз еліміздің рухани кемелденуі үшін Қазақстан халқына жолданған Елбасының бағдарламалық мақаласы да осы ойды ұштай түседі. Елбасы мақаласында көзделген «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында  «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» дәріптеліп, елімізде туған жерді қадірлеуге арналған түрлі шаралар өткізілуде.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 24-30 шілдесі күндері аралығында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты мен «Павлодар География үйі» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Павлодар облысы Баянауыл ұлттық паркінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Хан Қорық» ҚР жастар фестивалі өтті. 

Жастарды тарихи және мәдени ескерткіштермен, өңірдің табиғи қорықтарымен, туристік және экологиялық зерттеулер мен таныстыруды мақсат еткен фестивальға еліміздегі он бес іргелі жоғары оқу орнының, сондай-ақ, Ресей Федерациясының, Монғолияның студенттері де қатысты, аталмыш іс-шарада университетімізді Студентер және жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығының маманы Найзабаева Шахризада таныстырды.

Фестиваль барысында қатысушылар Қазақстанның танымал археологтарының шеберлік сабақтарына қатысып, Павлодар облысының тарихи-мәдени көрікті жерлерін,  табиғи ескерткіштерді аралады. Фестиваль аясында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында өткен «Туған жер – менің тарихым, менің мәдениетім, менің туған өлкем» атты ғылыми-тәжірбиелік конференция өткізілді. Конференция барысында фестивальға қатысушы ЖОО өкілдері өздері келген өлкенің табиғаты мен университеттерінің жетістіктерімен таныстырды. СмЖҒҒЗД орталығының маманы Ш.Найзабаеваның жасаған презентациясы университетіміздің ғылыми әлеуетін толыққанды паш ете алды.

Баянауыл өлкесінің ең биік тауы - Ақбет тауына (1026 м) шығып, Кемпіртас шатқалындағы қола дәуірінен бері сақталған мазарлардағы қазба жұмысынтарына қатысып, Торайғыр өзеніндегі аспан астындағы археологиялық  мұражайды аралады. Жастар фестивалі аясындағы келесі кездесу шырайлы Шығыста, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткізілуі ықтимал.

Қазақ
× You found a Typo