Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Химия кафедрасы MY PRO мамандықтар фестиваліне қатысып қайтты

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау мақсатында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Жаратылыстану ғылымдары мен технологиялары факультетінің химия кафедрасы 16-18 қазаны аралығында 7-11 сынып оқушыларына арналған «MY PRO мамандықтар фестивалі» шарасына қатысты.

Аталмыш іс-шарада қатысушыларға химиялық мамандықтар туралы толық мәліметтер беріліп, арнайы алаңқайда кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамынан химия кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Афанасенкова Ирина Владимировна, кәсіптік бағдар беруші Мұқажанова Жазира Биғалиевнаның жетекшілігімен студенттер мен магистранттар химиялық тәжірибелер көрсетіп, химияның таңғажайыптарымен таныстырды.

Аймақтың жастары арасында «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған MY PRO – мамандықтарды насихаттауда химия кафедрасының студенттері мен магистранттары Ю.Макарова, Ю.Кольцова, А.Салимбаева, Н.Симоненко, Г.Крыкпаева, Д.Гаврикова, А.Ермековалар оқушылардың назарын үнемі өздеріне аударып, қызықтыра білді. Сонымен қатар, химиялық сауалнамалар жүргізіп олардың химиялық білімдерін тексеріп, бағалай да білді.

Бұл іс - шара кезекті кездесу, қарапайым көрме ғанаемес мастер-кластар мен тренингтер қамтыған ғылыми – тәрбиелік кездесу болған мереке болды деп ойлаймыз.

Сән Оразова,

Химия кафедрасының аға оқытушысы

Қазақ
× You found a Typo