Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Химия кафедрасы Поэзия кешін өткізді

Көктемнің шуақты күнінде Химик-лириктердің ұйымдастыруымен Алаштың 100 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным – Мәңгілік Ел» тақырыбына поэзия кеші өтті.

Қазіргі жаһандану үрдісі жүріп жатқан заманда, жастардың рухани байлығын арттырып, қоғамды құрайтын зиялы қауым тәрбиелеу өзекті мәселе. Осы орайда адам баласын ерекшелеп тұратын патриотизм, Отанға, Туған жерге, Анаға деген махаббат сезімін айшықтайтын поэзия туындыларын насихаттау өте маңызды. Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқырман мәдениетін дамыту, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, қоғамды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 2010 жылдан бері өткізіліп келе жатқан поэзия кеші химия кафедрасының аға оқытушысы  Оразова Сән Советбековнаның авторлық тәрбиелік іс шарасы.

Негізгі мақсаты - Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру. Биылғы жылғы мүшайра тақырыбына арқау болыр отырған Алаш қозғалысының тәуелсіздік мұраттары үшін күрестегі рөлі мен маңызын, оның көшбасшыларының саяси-құқықтық, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын, тұжырымдарын жаңа заманның талаптарына сай зерделеу өте маңызды. ХХ ғасырдың басында ұлттың зиялылары азаттық үшін болған көп ғасырлық күресте маңызды рөл атқарды. «Алаш» алғашқы саяси партиясы және Алаш Орда үкіметінің пайда болуы азаматтық кемелденген және халықтың болашақ тағдырын шеше алатын қазақтың саяси зиялыларының жоғарғы әлеуетін көрсетеді.

Мүшайраға қатысуға ниет білдірген Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Өскемен қалалалық медициналық және заң колледждері студенттері мен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері «Шабыт» ақындар мектебінің тыңдаушыларымен қатар сайысқа түсті.

Алаш тақырыбына қалам тартқан жас өнерпаздар өнерлеріне қазылық еткен химия кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Шаихова Б.К., доценті, п.ғ.к. Даутова З.С., қазақ тілі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Бияров Б.Н., поэзия кешінің тұрақты қатысушы болған, униврситетіміздің түлегі, «Шабыт» ақындар мектебінің жетекшісі Дүргінбай Қызырбек, 3 курс студенті Әлібек Гүлбану қатысушылар арасынан үздіктерді таңдап, мүшайра талаптарына сай студенттерді марапаттауға ұсынды. Сонымен Поэзия кешінің жеңімпазы болып «Шабыт» ақындар мектебінің тыңдаушысы, облыстық және республикалық ақындар мүшайраларының жеңімпазы Аян, жүлделі 2 орынға «Материалтану» мамандығының студенті Утенов Бағлан Жұмабекұлы, 3 орынға Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенті Бидаке Манат ие болды. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар сертификаттар мен дипломдармен марапатталып, бағдарлама авторы тарапынан ұсынылған бағалы сыйлықтарға ие болды.

Кеш соңында қазылар алқасының мүшесі Бияров Бердібек Нұралыұлы Құттықтау сөздерден кейін поэзия кешінің тұрақты қатысушы болған, униврситетіміздің түлегі, «Шабыт» ақындар мектебінің жетекшісі Дүргінбай Қызырбек кішігірім поэзиялық іс-шарадан бастау алған поэзия кешімізді қалалық деңгейге көтеріп өткізіп беруге уәде берді. Кешіміздің болашағынан зор үміт күтеміз.

Сән Оразова,

химия кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo