С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да онлайн режимінде ғылыми және педагогикалық бағыттағы «Химия», «Химия және биология», «Химиялық және криминалистикалық сараптама» білім беру бағдарламалары (ББ) бойынша жобалау комитеттерінің бірлескен отырысы өтті.
Жобалық комитет отырысының негізгі мақсаты – қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның даму үрдістерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын және элективті пәндер каталогын өзектендіру бойынша жұмыс берушілердің ұсыныстарын талқылау.
Бірлескен жобалық комитеттің отырысына Химия кафедрасының меңгерушісі, кафедра оқытушылары, білім алушылар, жұмыс берушілердің өкілдері (ШҚО бойынша «Қазгидромет» РМК, «Қазмырыш» ЖШС, «№11 мектеп-лицей» КММ, «№38 мектеп-гимназия» КММ, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі (Өскемен қаласы), «№15 орта мектеп» КММ, «№35 орта мектеп» КММ, «№3 мектеп-лицей» КММ, «№46 орта мектеп» КММ және т.б.) қатысты.
Отырыс барысында мектептерде де, университетте де білім алушылардың дайындық сапасын арттыру бойынша ең өзекті мәселелер, ұсыныстар анықталды. Ұсыныстар жаңартылған, сондай-ақ қашықтан білім беру жағдайындағы бірлескен жұмысқа қатысты болды.
Талқылау нәтижесінде білім беру бағдарламалары мен элективті пәндер каталогына (ЭПК) «Жаратылыстану-ғылыми білім беру процесіндегі CLIL технологиялар», «Мектепте химияны оқыту кезінде вариативтік курстарды әзірлеу» және т. б. пәндерді енгізу ұсынылды.
Сонымен қатар, жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларының мазмұнында өнеркәсіптік кәсіпорындардың мамандандырылған зертханаларында әдістемелерді жетілдіруге және баламалы талдау әдістерін жасауға бағытталған аспаптық зерттеу әдістеріне байланысты көптеген пәндерді көргісі келеді.
Жобалық комитеттің отырысында білім беру бағдарламасының мазмұны мен элективті пәндер каталогына түзету енгізу туралы қаулы шығарылды.
Баспасөз қызметі