Химия кафедрасында орыс тілінде оқытатын «5В011200 – Химия» және «5В012500 – Химия-Биология» мамандықтары 3 курс студенттерінің үздіксіз педагогикалық тәжірибе есептерін онлайн қорғау өтті.
Қорғауға практика өткен оқу мекемелерінің меңгерушілері мен мұғалімдері қатысты: химия мұғалімдері О.Б. Гурьянова, С.П. Давыденко, Өскемен қаласы №34 мектеп-лицейінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі, И.А. Лушпай, Өскемен қаласы №11 мектеп-лицейінің өкілі Е.В. Федорова.
Қорғау мультимедиялық презентациямен сүйемелденді.
Студенттер өздерінің әдістемелік жетістіктерімен бөлісіп, қашықтан оқыту жағдайында сабақтар мен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде кездескен қиындықтар туралы айтып берді. Бірақ, соған қарамастан, студенттер өткізілетін сабақтардың санын арттыру, неғұрлым берік дағдыларды қалыптастыру сияқты тілектер айтты. Сұрақтар мен жауаптар бейресми сипатта болды, мұғалімдер мен студенттердің іс-тәжірибе сияқты маңызды оқу жұмысын жақсартуға деген қызығушылығы сезілді. Конференция қатысушылары эмоцияларымен бөлісті.
Педагогикалық іс-тәжірибе жетекшілері – Химия кафедрасының доценті, п.ғ.к. И.В. Афанасенкова, доцент, п.ғ.к. З.С. Дәуітова, аға оқытушы, химия магистрі Г.А. Әбілмәжінова.
Баспасөз қызметі