Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Химия кафедрасының оқытушылары Алматы облысының оқушыларымен онлайн кездесу өткізді

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Химия кафедрасының оқытушылары Алматы облысы Алакөл ауданының 11 сынып оқушылары және мектеп ұстаздарымен кәсіптік бағдар бойынша онлайн кездесу өткізді.

Іс-шара барысында кафедра доценті, п.ғ.к. Зухра Дәуітова С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, факультететтері және 56 бакалавриат, 39 магистратура, 12 докторантура деңгейлерінің білім беру бағдарламалары туралы мағлұмат берді.

Сондай-ақ, университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары Анар Сәлімбаева қабылдау ережесі, университетіміздегі студенттерді әлеуметтік қолдау мәселелері, Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра жайлы толық ақпарат ұсынды.

Ұстаздарға химия кафедрасының меңгерушісі Бақыт Шаихова «Педагогикалық қайта даярлау курсы» туралы толық мәлімет ұсынып, оқу бағдарламаларымен таныстырды. Түлектер мен ұстаздар үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, ойларымен бөлісті.

Химия кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo