Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Химия кафедрасының үздік түлегі Республикалық конкурста жеңіске жетті

17-22 сәуір күндері Ақмола облысы Щучинск қаласында орналасқан «Балдәурен» республикалық сауықтыру орталығы базасында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтардың ІІІ Республикалық конкурсы өтті.

Конкурс мақсаты – жас педагогтардың шығармашылық потенциалын белсенділендіру және әлеуметтік статусын көтеру, болашақтағы кәсіби өсуіне жағдай жасау және ҚР білім беру ошақтарында тұрақты қызметке бекіту, педагогтардың  инновациялық белседілігін дамыту.

Республикалық конкурста 3 жылға дейінгі жұмыс өтілімен 65 педагог бақ сынасты. Шығыс Қазақстанның намысын қорғауға 12 жас педагогтардан тұратын делегация қатысқан еді.

«Өз ісінің маманы» номинациясын Абай ауданы Абай Құнанбаев атындағы мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі, біздің университетіміздің  Химия кафедрасының  2016 жылғы түлегі – Сайлаубеков Айдос Жасұланұлы үздік білімі мен біліктілігін көрсетіп жеңіп алды. Жеңімпазға алғыс хат пен Қапшағай және Щучинск қалаларында орналасқан «Балдәурен» лагеріне 10 күндік жолдама табыс етілді.

Құттықтаймыз! Жеңістер мен шығармашылық табыс тілейміз!

С.Оразова,

химия кафедрасы 

Қазақ
× You found a Typo