Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Химия» мамандығы бойынша магистрлік диссертация үш тілде қорғалды

Химия кафедрасында 2 маусым күні «Химия» мамандығы бойынша магистрлік диссертациялар үш тілде қорғалды.

Химия кафедрасында х.ғ.к., Д. Серикбаев атындағы ШҚМТУ доценті М.К.Жаманбаева бастатқан МАК мүшелері х.ғ.к., Д. Серикбаев атындағы ШҚМТУ доценті Е.Н.Иващенко, х.ғ.к., химия кафедрасының профессоры Р.А.Аубакирова, п.ғ.к., химия кафедрасының меңгерушісі Б.К.Шаиховалар алдында магистрлік диссертациялар қорғалды.

Баяндамалар үш тілде ұсынылды: ағылшынша - Хасен Темирлан: «Кендырлык сланцтарын термохимиялық өңдеу үдерісін зерттеу» тақырыбына, ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Попова М.В., орысша – Бутенко Виктория «Катодтық мыстағы теллурдың шамасын анықтау» тақырыбына, ғылыми жетекшісі х.ғ.к., профессор Аубакирова Р.А., Зарлыхан Назерке: «Сланцтар негізінде модифицирленген сорбенттердің ауыр металдарды сорбциялау үдерісінің кинетикалық заңдылықтары» тақырыбына, ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Попова М.В. қазақша - Қожасеитова Минура «Әртүрлі минералды қышқылдармен белсендірілген қоңыр көмірден алынған гумин қышқылының сорбциялық қасиетін зерттеу», тақырыбына, ғылыми жетекшісі phD докторы Троеглазова А.В., Заманбекқызы Жадыра «N-аминогликоздетрдің кейбір күкіртқұрамды туындыларын физика-химиялық әдіспен анықтау», Әріп Қадиран – «Биологиялық полимерлерді ауыл шаруашылығында қолдануды аналитикалық бақылау», Ағызам Ырысгүл – «Қоршаған орта нысандарында фенолды анықтау әдістемелерін оңтайландыру» тақырыбына, ғылыми жетекшісі phD докторы

Магистранттар диссертацияларын жоғары деңгейде қорғады. МАК мүшелері ерекше жұмыс ретінде химия кафедрасының үлгілі түлегі Хасен Темірланның жұмысын атап көрсетті.

Магистрлік диссертацияны қорғау туралы видеоны ШҚМУ сайтынан көре аласыздар.

Сән Оразова,

химия кафедрасының аға оқытушысы

Қазақ
× You found a Typo