Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Химия» мамандығы магистранттарының шетелдік тағылымдамасы

23 мамыры мен 1 маусымы аралығында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Химия» мамандығының магистранттары (РФ, Барнаул) қаласындағы Алтай мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама, халықаралық ынтымақтастықты қолдау факторы ретінде, магистранттардың диссертациялық жұмысын жазу үшін пайдалы.

Магистранттарды АлтМУ химия факультеті органикалық химия кафедрасы қабылдады. Кафедрадан тағылымдама жетекшісі ретінде х.ғ.к., доцент Лагуткина Екатерина Васильевна тағайындалды. Университет ғимараттарына жан-жақты экскурсия жасалып, Электрондық кітапхана жүйесінің барлық мүмкіндіктері көрсетілді.  

Білім алушылар «Ресейде химиялық білім берудің қазіргі заманғы мәселелері», «Химияның өзекті мәселелері», «Көмір қазбасын қайта өңдеудің жетілдірілген технологиялары», «Аналитикалық химияның қазіргі заманғы мәселелері» тақырыптарын қамтитын «Химияның және химиялық білім берудің қазіргі заманғы мәселелері» тақырыбында дәрістер курсын тыңдады.

Алынған ақпарат магистрлік диссертация жазуда ғылыми негіздеме үшін қажетті болып табылады.

Шетілдік тағылымдама нәтижесі бойынша С.Аманжолов атындағы ШҚМУ магистранттарына химия факультетінің деканы, х.ғ.д., профессор Базарнова Н.Г. Алтай мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өту туралы сертификаттарды табыс етті.

Қазақ
× You found a Typo