Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Химиядан алғашқы юриорлар олимпиадасы

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 12 желтоқсанында химия кафедрасының доценті, химия ғылымдарының кандидаты Ардақ Тоқтамысқызы Байбосынованы еске алуға арналған облыс мектептерінің оқушылары арасында химия пәнінен юниорлар (7-9 сынып оқушылары) олимпиадасы өтті.

Олимпиада екі турда өтіп, I тур (есеп шығару) – 70 ұпай, II тур (тестілеу) – 30 ұпайға дейін жинаған қатысушылар арасынан жеңімпаздар анықталды. Олимпиаданың 1-ші сырттай турына қатысуға ниет білдірген 33 (23 – мемлекеттік тілде, 10 – орыс тілді) мектеп, барлығы 150 оқушыдан 2 турға 20 (10 – мемлекеттік тілді, 10 – орыс тілді) мектептен 62 қатысушы топ жарып, жолдама алды.

Химия кафедрасында ғылым кандидаты, доцент қызметінде жемісті еңбек еткен әріптесіміз Ардақ Тоқтамысқызының туыстары мен шәкірттері, сыйлас достары қатысқан салтанатты жиында марқұмның еңбектері мен қызметі туралы жылы лебіздер айтылған салтанатты ашылуы болды.

Соңынан олимпиада өз жұмысын жүргізіп, қазылар алқасы олимпиада қатысушыларының еңбектерін терең тексеріп, жеңімпаздарды анықтаған қызу жұмыс атқарылды. Олимпиадаға мұрындық болған химия кафедрасының доценті Тантыбаева Батима Сматаевнаның ұйымдастыруымен олимпиада жұмысы нәтижелі болды. Сонымен қатар, қатысушылардың жазбаша жұмыс орындау кезеңінде мектеп мұғалімдері арасында «Мектепте химияны оқытудың тенденциялары мен песпективалары» тақырыбына кафедра доценттері Абылкасова Гульжан Екпергенова мен Даутова Зухра Сатбековнаның ұйымдастыруымен ҰБТ жаңа форматы, химиялық білімді тереңдете оқыту әдістері талданған дөңгелек үстел өтті.

Сонымен қатар түзетіліп, екінші рет қайта басылған Ардақ Тоқтамысқызының әріптестерімен жазған оқулығы Тарбағатай ауданындағы қара шаңырақ Би Боранбай атындағы орта мектептегі оның мұражайына сыйға тартылды.

2 турда жоғары теориялық білімдерін көрсетіп, әділ қазылардың сұрыптауынан өткен жүзден жүйрік қатысушылар арасынан 18 жеңімпаз анықталды. Атап айтсақ, 7 сыныптар арасында мемлекеттік тілді мектеп оқушыларынан 1 орынды Семей қаласының № 47 орта мектебінің оқушысы Алтаева Дина (95 балл), 2 орынды – Үржар ауданы Қазымбет орта мектебінің оқушысы Сайлауова Перизат (85,5 балл), 3 орынды Зайсан қаласы, Мұстафина атындағы мектеп-лицей оқушысы Бағатбек Көркем (85,5 балл) иеленсе, орыс тілді мектептер арасында 1 орынды Өскемен қаласы, № 14 орта мектеп оқушысы Нығызбек Айша (85 балл), 2 орынды Зайсан қаласы, Ломоносов орта мектебінің оқушысы Нұрлыбек Аружан (76 балл), 3 орынды Зайсан қаласы, Ломоносов орта мектебінің оқушысы Смятов Тимур (75 балл) еншіледі.

8 сыныптар арасында жүлделі 1 орынды қазақ тілді мектептер арасынан Семей қаласы № 19 орта мектептің оқушысы Ғабитқанова Баян (91 балл), 2 орынды Семей қаласы № 19 орта мектептің оқушысы Молдажанова Аружан (88 балл), 3 орын – Жарма ауданы Ақтайлақ би атындағы орта мектептің оқушысы Мусагитова Сабина (88 балл) иеленді. Орыс тілді мектептер арасында 1 орынға Өскемен қаласы № 7 орта мектеп оқушысы Юнкман Сергей (83 балл), 2 орынға Зайсан қаласы, Ломоносов орта мектебінің оқушысы Якупова Тахмина (78 балл), ал 3 орынға Өскемен қаласы № 37 мектеп оқушысы Хижняк Валерия (77 балл) лайық деп танылды.

9 сыныптар арасынан жүлделі 1 орынды Зайсан қаласы, Ломоносов орта мектебінің оқушысы Тоқтамұратова Балауса (85 балл), 2 орынды Семей қаласы № 47 орта мектептің оқушысы Тлеутаева Аружан (76 балл), 3 орынды Үржар ауданы Қазымбет орта мектебінің оқушысы Микенов Ерасыл (70 балл) жеңіп алса, орыс тілді мектептер арасында 1 орынды Өскемен қаласы № 37 ора мектептің оқушысы Савельева Надежда (84 балл), 2 орынды Өскемен қаласы № 39 ора мектептің оқушысы Михайлова Виктория (80 балл), 3 орынды Зайсан қаласы, Ломоносов орта мектебінің оқушысы Досмуханбет Алихан (78 балл) иеленді.

Олимпиада нәтижесі бойынша барлық жеңімпаздар арнайы диплом мен бағалы сыйлықтармен, олардың жетекшілері олимпиада мен дөңгелек үстелге қатысуы туралы сертификаттармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Алғаш өткізіліп отырған юниорлар олимпиадасы оқушылар үшін ерекше әсер қалдырып, университетіміз туралы да мәлімет алып, кәсіби бағдар бойынша білімдерін толықтырып марқайып қайтты деген сенімдеміз.

С. Оразова, химия кафедрасының аға оқытушысы

 

 

Қазақ
× You found a Typo