Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Химиядан аймақтық олимпиада

Аймақтық олимпиаданың 2 турына облыстың аудандары мен қалаларының мектептерінен 11 сыныпта оқитын 25 оқушы қатысты. Атап айтқанда, Глубокое ауданы (Бобровка, Секисовка ОМ), Үржар аудандары және Жезкент, Зайсан, Зырян, Өскемен (№7, 11, 24, 34, 38) қалаларының мектеп-лицей-гимназиялары.

Тәжірибелік тур тапсырмалары бейорганикалық заттардың сапалық талдауы және катион мен аниондарды анықтаудан, сонымен қатар күрделендірілген теориялық олимпиада есептерінен тұрды. Қазылар алқасы мектеп оқушыларының жақсы дайындықтары мен терең білімдерін атап көрсетті. Олимпиаданың тәжірибелік турында жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен «Үздік теориялық білім», «Үздік тәжірибелік біліктілік» номинациялары бойынша сертификаттармен марапатталды.  

Олимпиада нәтижесі бойынша келесі орындарға ие болды:

Орыс тілді мектептер арасында:

1 орын – Павленко Мария («№24 ОМ» КММ Өскемен қ.);

2 орын – Турабаев Темирлан («Ломоносов атындағы ОМ» КММ Зайсан қ.);

3 орын – Бессонова Наталья («№ 11 мектеп-лицейі» КММ Өскемен қ.);

Қазақ тілді мектептер арасында:

1 орын – Арсакова Айнур («Жезкент ОМ» КММ Жезкент қ.);

2 орын – Алтынбеков Айтолқын («Қазымбет орта мектеп-бала бақша» КММ Уржар ауданы);

3 орын – Қадесова Мадина («№9 ОМ» Зырян қ.).

Сонымен қатар номинациялар берілді «Үздік теориялықбілім» - Бессонова Наталья («№ 11 мектеп-лицейі» КММ Өскемен қ.), Газизова Жайна («Қазымбет орта мектеп-бала бақша» КММ Уржар ауданы), Бақытбек Айдана («Бобровка ОМ», Глубокое ауданы). «Үздік тәжірибелік біліктілік» - Гофман Анна (№38 мектеп-гимназия КММ Өскемен қ.»), Арсакова Айнур (Жезкент ОМ» КММ Жезкент қ.) қатысушылардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хат таратумен тапсырылды.

Аймақтық олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу барысында кафедраның ПОҚ қатысты: кафедроа меңгерушсі Б.К.Шаихова, х.ғ. к. Г.Е. Абылкасова, к.п.н. З.С.Даутова, И.В.Афанасенкова, М.В.Попова, доктор phD Ныкмуканова, магистр С.С.Оразова, оқу мастерлері А.К.Сулейменова, А.Г.Ескалиева, Ш.К.Саниязова, Ш.А.Ауганбаева, Н.Ф.Буря, Г.А.Абильмажинова, Ж.А.Темиржанова, Қабдысалым К.

Химия кафедрасының аға оқытушысы,

ұйымдастырушы Оразова С.

Қазақ
× You found a Typo