Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Химиядан пән олимпиадасының қорытындысы

 

19 қаңтар күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ химия кафедрасы облыс мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында химиядан пән олимпиадасы мен мектеп мұғалімдеріне дөңгелек үстел өткізді.

Олимпиадаға облыс аудандарынан (Тарбағатай, Зайсан, Глубокое, Жарма, Катон-Қарағай) және Өскемен, Семей қалалары мектептерінің оқушылары қатысты.

Олимпиада екі кезеңде өткізілді: Бірінші кезең – іріктеу, қашықтықтан оқыту технологияларын қолданумен сырттай түрде өткізілсе, екінші кезең – қорытынды – эксперименттік тур, ШҚМУ №1 оқу ғимаратында өткізілді.

Теориялық бөлім: теориялық және шығармашылық тапсырмаларды орындау, 5 есептеу есептерін шығару (күрделілігіне қарай 1 есепті дұрыс шығарғаны үшін 3-тен 15-ке дейін балл берілді). Ең жоғарғы жинақты балл – 70 балл. Тәжірибелік бөлімде сапалық реакцияларға негізделген заттарды анықтау бойынша тәжірибелік тапсырмалар. Ең жоғарғы жинақты балл – 30 балл.

Олимпиаданың нәтижесінде қазылар алқасының (х.ғ.к., профессор Аубакирова Р.А., п.ғ.к., профессор Тантыбаева Б.С., п.ғ.к., доценттер Шаихова Б.К., Даутова З.С., аға оқытушы Таженова Р.А.) шешімімен: Оқушылар арасында 1 – орын (гран-при): О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебінің (Глубокое ауылы, Глубокое ауданы) 11 сынып оқушысы Индира Әзімханова иеленіп І дәрежелі диплом және универсиеттің арнайы сыйлығына ие болса, 2 – орын: Өскемен қаласы № 29 орта мектебінің 11 сынып оқушысы – Задорожная Арина ІІ дәрежелі диплом және универсиеттің арнайы сыйлығына ие болды; 3 – орын алған Ақтайлақ би атындағы орта мектептің 11сынып оқушысы Оразғазы Талшын ІІІ дәрежелі диплом мен университеттің арнай сыйлығымен марапатталды. Жеңімпаздарды дайындаған пән мұғалімдері Кенчинбаева Рауан, Тверитин Александр, Манханова Алтын да алғыс хат пен арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«Үздік теоретик» номинациясын олимпиаданың 1 турының қорытындысы бойынша үздік білім көрсеткен Өскемен қаласы № 29 орта мектебінің 11 сынып оқушысы – Колупаев Константин; «Үздік практик» номинациясы Өскемен қаласы № 29 орта мектебінің 11 сынып оқушысы – Задорожная Аринаға бұйырды.

Олимпиада соңында химия кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Шаихова Бакыт Калиаскаровна қорытынды сөз алып, кафедра мамандықтары мен академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы ақпарат беріп өтті.

Олимпиада барыснда оқушылардың тәжірибелік туры кезінде кафедра оқытушылары мектеп мұғалімдерімен «Мектептегі химиялық жобаны ұйымдастыру» тақырыбына дөңгелек үстел өткізіп, мұғалімдердің көкейінде жүрген сұрақтарға толығымен жауап беріп, белсенді әңгімеөткізді.

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі,

химия кафедрасының аға оқытушысы

Оразова С.

Қазақ
× You found a Typo